Өте қызық
Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағы профессор Айгүл Ісімақованың талдау мақаласымен ашылады. Бірінші томға ағартушының «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары енгізілген.
Екінші томда Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының сауатын ашу мақсатында жазған оқулықтары қамтылған. Соның ішінде Телжан Шонанұлымен бірлесіп жазған «Оқу құралы» атты әдістемелік еңбекке ерекше назар аударылған. Бұл оқулықтың ғылыми құндылығы жөнінде профессор Айгүл Ісімақова жан-жақты талдау жасайды. Оқу құралында Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатұлы және басқа да қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен әңгімелері берілген.
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасының ішінде тіл біліміне арналған еңбектерінің орны айрықша. Осы бағыттағы зерттеулері шығармалар жинағының үшінші томында топтастырылған. Том академик Рәбиға Сыздықтың «Тіл – құрал» еңбегі туралы мақаласымен басталып, одан кейін 1914 жылы Орынборда жарық көрген оқулықтың түпнұсқа мәтіні ұсынылған.
Жастарға, мұғалімдерге
| Author(s) | Байтұрсынұлы А. | ||
| Cover Type (if the book was published) | Hard Copy | ||
| Number of Pages | 384 б. | ||
| Date Published | 06.08.2026 |
| Permanent link to this publication: https://biblio.kz/m/book/view/Алты-томдық-шығармалар-жинағы © biblio.kz |
|
Empty
|
New Books: |
Popular Books: |
Editor's Choice (Worldwide): |
![]() |
Editorial Contacts |
About · News · For Advertisers |
Digital Library of Kazakhstan ® All rights reserved.
2017-2026, BIBLIO.KZ is a part of Libmonster, international library network (open map) Keeping the heritage of Kazakhstan |
US-Great Britain
Sweden
Serbia
Russia
Belarus
Ukraine
Kazakhstan
Moldova
Tajikistan
Estonia
Russia-2
Belarus-2