Атап айтқанда, монография мазмұнында қарастырылған лингвомәдени негіздер, тілдік тұлға, сөз мәдениеті, когнитивті және прагматикалық лингвистикаға қатысты ғылыми-теориялық ұстанымдар келесі білім беру бағдарламалары аясында оқытылатын пәндердің мазмұнын тереңдетуге негіз болады: - «7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», - «6В02303 – Филология». Осы бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын «Мәдениетаралық коммуникация», «Когнитивті лингвистика», «Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар», «Сөз өнері» сияқты кәсіби пәндердің мазмұнын жетілдіруде, студенттердің теориялық білімін арттырып, олардың тілдік тұлғасын кәсіби деңгейде қалыптастыруда монографияның ғылыми мазмұны мен әдістемелік ұсыныстары маңызды рөл атқарады. Монографияда қамтылған тілдік тұлға теориясы, сөз мәдениетінің прагматикалық қырлары, тіл мен мәдениеттің өзара сабақтастығы, лингвомәдени факторлардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі филолог студенттерді жан-жақты даярлау ісіне үлес қосып, болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
А.С. Исакованың «Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері» атты монографиясында қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері талданып, сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, тілдік тұлға, студенттің тілдік тұлғасы сияқты терминдер жан-жақты талданып, ғылыми пайымдаулар жасалады.
Монографияда қазақ тілді филолог студенттер әлеуметтік топ ретінде қарастырылып, оның тілі арнайы зерттеу нысаны болады. Сонымен қатар, қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасы лексика-семантикалық, лингвомәдени, әлеуметтік лингвистика тұрғысынан арнайы және кешенді зерттеледі; Екіншіден, филолог студенттердің тілдік тұлғасы мен өзге тұлғалардың (заң қызметкерінің тілдік тұлғасы, журналистің тілдік тұлғасы, қоғам қайраткерінің тілдік тұлғасы т.б.) айырмашылығы мен ұқсастықтары анықталады; Үшіншіден, филолог студенттер тіліндегі норма мен жүйе арақатынасы, дағдыға айналу мәселесі талданып, дәйектеледі және филолог студенттердің сөз қолданысындағы терминдердің үлесі көрсетіледі.
Халықаралық рецензияланатын Scopus базасындағы журналда - 6
DOI: https://doi.org/10.5430/wjel.v14n4p322
https://www.sciedupress.com/journal/index.php/wjel/issue/view/1265
DOI: https://doi.org/10.5430/wjel.v15n4p203
DOI: https://doi.org/10.30564/fls.v7i5.9233
ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК бекіткен басылымдарда - 4
1. Картжан Н.Е., Исакова С.С., Исакова А.А., Алтайбекова К.Т. Қазақ-ағылшын қиял-ғажайып ертегі дискурсындағы «ақыл/mind» концептісінің лексика-семантикалық репрезентациясы // Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ Хабаршысы, Филология ғылымдары сериясы, №4(67), 2022. 102-116 бб. https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/issue/view/41
2. Хасангалиева Б.К., Исакова С.С., Исакова А.С. Терминжасамдағы метафораның когнитивтік механизмдері // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршысы филология сериясы. Том 74. № 3; 2024.-322-343 б.
https://doi.org/10.48371/PhILS.2024.3.74.019
3. Ауганбаева М.А., Курманбекова З.Р., Исакова А.С. Антропоцентрлік парадигма мәселелері мен тілдік универсалийлердің когнитивті аспектісі // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. № 3 (148) 2024.-29-43б.
| Author(s) | Исакова А.С. | ||
| Cover Type (if the book was published) | Soft Copy | ||
| Number of Pages | 200 | ||
| Date Published | 16.10.2023 |
| Publisher Name | «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті баспасы» | ||
| Website | https://yu.edu.kz | ||
| Country | Kazakhstan | ||
| Region | Kazakhstan | ||
| City | Актау | ||
| Zip/Postal Code | 130000 |
| Permanent link to this publication: https://biblio.kz/m/book/view/ҚАЗАҚ-ТІЛДІ-ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ-ТІЛДІК-ТҰЛҒАСЫН-ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ-ЛИНГВОМӘДЕНИ-НЕГІЗДЕРІ © biblio.kz |
|
Empty
|
New Books: |
Popular Books: |
Editor's Choice (Worldwide): |
![]() |
Editorial Contacts |
About · News · For Advertisers |
Digital Library of Kazakhstan ® All rights reserved.
2017-2026, BIBLIO.KZ is a part of Libmonster, international library network (open map) Keeping the heritage of Kazakhstan |
US-Great Britain
Sweden
Serbia
Russia
Belarus
Ukraine
Kazakhstan
Moldova
Tajikistan
Estonia
Russia-2
Belarus-2